Кездесуге «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Астанадағы Лорд өкілі, АХҚО-ның Сот және Халықаралық төрелік орталығын құру және дамыту бойынша сарапшысы Кристофер Кэмпбелл қатысты. Әңгіме барысында Қ.Мәми жақында құқық мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан құралған қазақстандық делегацияның Ұлыбританияда сапармен болғанын атап өтті. Сапардың жемісті өткендігін айта келе, Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Англия мен Уэльстің Барристерлер қауымдастығының, Лондонның Орталық криминалдық сотының және Күрделі алаяқтық қылмыстарды тергеу кеңсесінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізгенін атап өтті. Бұған қоса, шетелдік мейманға қазақстандық судьялардың Ұлыбританияға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде ағылшын құқығының негіздері мен принциптерін неғұрлым терең тәжірибелік тұрғыдан зерделеу үшін оқуға жіберілгені айтылды. Кездесуге қатысушылар сот пен төрелік орталығының мәртебесін анықтау, Қазақстан мен өзге елдерде сот пен төрелік актілерінің күшіне енуі туралы мәселелерді талқылады. Әңгіме барысында мейман Қазақстандағы АХҚО-ның соты мен төрелік орталығын құру бойынша әрекетін жалпы қолдайтындығын жеткізді.
Қазақстан
•
30 Маусым, 2017
Тәжірибе зерделеудің берері көп
157 рет
көрсетілді
Астана қаласында Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми Ұлыбритания Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы, лорд Гэри Вульфпен кездесті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.