• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 02 Шілде, 2017

Еламан Ерғалиев - 2017 жылғы «Қазақстан Барысы» атанды

1178 рет
көрсетілді

Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2017» турнирі аяқталды.

«Қазақстан Барысы-2017» турнирінің финалдық белдесуінде 2017 жылғы "Әскер барысы" атанған Еламан Ерғалиев 2011 жылы тұңғыш "Қазақстан барысы" атанған Ұлан Рысқұлмен белдесіп, қарсыласын таза жеңіспен ұтты. Сөйтіп, ол «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің Жеңімпаз атанды. 

Сонымен бірге Еламан Ерғалиевке алтын белбеу мен алтыннан құйылған «Тайтұяқ» және 25 миллион теңге табысталады. Сондай-ақ, бапкерінің қанжығасына 3,5 миллион теңге байланды. Ал, екінші орын иеленген Ұлан Рысқұлға күміс белбеу мен бес миллион 500 мың, бапкеріне бір миллион 800 мың теңге берілді.

Турнирдің қола жүлдесін иелеген Айбек Нұғымаровқа "Қазақстан барысы-2017" турнирінің қола белбеуімен қоса бір миллион 800 мың табысталса, Бапкеріне 900 мың теңге сыйақы берілді. 

Еламан Ерғалиев алғашқы айналымда 2014 жылғы "Қазақстан барысы" Мұхит Тұрсыновты ұпай санымен ұтса, екінші кезеңде маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты таза әдіспен жеңді. Ширек финалда қарағандылық Асыл Бәрменовтан басым түсіп, жартылай финалда алық атыраулық Арман Қалиевті қапы қалдырып финалға шыққан болатын.

Айта кетейік, биыл "Қазақстан барысы" жетінші рет ұйымдастырылған болатын.