• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Шілде, 2017

«Doing business» мәселелерін талқылады

150 рет
көрсетілді

Өткен жұма күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Doing Business» мәселелері жө­нін­де кеңес өткізді.

Кеңес барысында заңна­ма­лық бастамалардың жа­ңа пакеті талқыланды, сон­дай-ақ Дүниежүзілік Банк­тің «Doing Business» рей­ти­н­- гісіндегі Қазақстан по­зи­ция­сын жақсарту бойынша Үкі­мет қолданатын бірқатар бас­қа шаралар талқыланды.

Үкіметтің аталған жұмы­сы аясында 7 кодекс пен 9 заң­ға енгізілетін түзетулер па­кеті қалыптастырылды. 9 көрсеткіш бойынша өзге­ріс­тер қарастырылған:  «Кәсіпорын ашу», «Құры­лыс­қа рұқсат алу», «Элект­рмен қамту жүйесіне қо­су», «Келісімдерді орындау», «Ха­лықаралық сауда», «Ми­но­­ритарлық инвестор­лар­­ды қорғау», «Өтеу қа­бі­лет­сіз­дігін шешу», «Несие­лер алу», «Меншікті тіркеу».

Кеңес қорытындысы бой­ын­ша Премьер-Министр Б.Сағынтаев министрліктер мен ведомстволарға алға қой­ылған міндеттерді іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Олар­дың ішінде  «Астана 1» Ақпараттық жүйесін өнер­кә­сіптік пайдалануға беру мер­зімдерін сақтауды, экс­по­рттық-импорттық операция­лар бойынша бірыңғай те­ре­зенің, жылжымалы мү­лік кепілінің бірыңғай тізі­лі­мінің жұмыс жасауын, екін­ші деңгейдегі банктердің ақ­параттық жүйелері мен сақ­тандыру ұйымдарын «Элек­тронды үкімет» порта­лымен ық­палдастыруды қамтамасыз ету сияқты тапсырмалар бар.