• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2017

Қостанайда батыр ұшқыштың 95 жылдығын туған селосы атап өтті

289 рет
көрсетілді

Биыл Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Иван Павловтың туғанына 95 жыл толды. Соған орай Қостанай ауданындағы оның  тауған Борис-Романов селосында мереке өтті. Бұл туралы жергілікті ng.kz cайты хабарлады.

Иван Фомич осы селодан ол 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына аттанды, 1942 жылы соғысқа  алынды. Ол майданның ылғи жауапты шебінде жүрді. 1943 жылы  №6 гвардиялық шабуылдаушы авиация полкінің звено командирі, аға лейтенант Иван Павлов 127 рет ұшып, әуе шайқасында жаудың 3 ұшағын атып түсірді. 1944 жылы оған осындай ерлігі, жауынгерлік батылдығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылы  1-ші Прибалтика майданында  Гвардия полкінің Эскадрилья командирі, капитан Иван Павлов  әуеге 77 рет көтеріліп, жауды бет Батыр жерлесінің туғанына 95 жыл толуына арналған мерекеге селолықтар барыншы дайындалды. Осы мереке құрметіне борисромановтықтардың өзінің жинаған қаржысына мектеп ауласына жаңа мемориалдық ескерткіш орнатылды. Ондағы мәрмәр плитаға селодан  Ұлы Отан соғысына  аттанған барлық жауынгердің аты-жөні жазылды. Плитаға сонымен бірге «Борис-Романовка селосының жерлестерінен» деп жазылған.

Жиналғандарға соғыс жылдарынан қалған ескі альбомдар, басқа да музей жәдігерлері көрсетілді., Иван Фомичтің жауынгерлік, жалпы адами тұлғасы жөнінде қызықты әңгімелер айтылды.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

Қостанай ауданы