Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы» (Бірінші фаза) инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ банк секторын сауықтыру шаралары қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.