• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Шілде, 2017

Түркия елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

210 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасындағы Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык қазақстандықтарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күнімен құттықтады. Бұл туралы елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды.

«Құрметті қазақстандықтар! Астана тұрғындарын және барлық қазақстандықтарды Түркі әлемінің ақсақалы - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне байланысты Астана үшін ерекше жыл. ЭКСПО көрмесінде Түркияның павильоны ең үлкен және әдемі павильондардың бірі. ЭКСПО ғимараттарының құрылысына қазақ бауырларымызбен бірге түрік құрылысшыларының да сіңірген еңбегі орасан зор. Сонымен қатар, биыл дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың орнағанына 25 жыл толды. Астананың көркейіп, Қазақстанның халықаралық аренада абырой-беделінің арта беруін тілеймін. Астана күні құтты болсын!» делінген Елшінің құттықтау сөзінде.