Жуырда қылмыскерлерге қатысты сот үкімі шықты. 1975 және 1982 жылы туған Келлеровка ауылының ағайынды тұрғындары өз қылмыстарын толық мойындағанына қарамастан 3 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айрылып, жазаларын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады.
Олардың 37 жастағы сыбайласы көрінеу жалған ақпарат беріп, қылмысқа қатыстылығын жасырмақ болған. Сөйтіп, жауапкершіліктен жалтарып кетудің қитырқы амалдарын қарастырған. Алайда, сот барысында қарақшылық шабуыл жасауға оның көлігі пайдаланылғаны бұлтартпас дәлелдермен мойнына қойылды.
Сот оны Қылмыстық Кодекстің 420 бабы бойынша /»Жалған куәлік ету»/ айыпты деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.