• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2011

Ел ақынын ардақтады

386 рет
көрсетілді

Поэзия және журналистика саласында артына мол мұра қалдырған Есләм Зікібаевтың 75 жылдығы туған жерінде кеңінен аталып өтті. Сондай игі шара­ның бірі «Ақын болып ғұ­мыр кешу» деген тақырыпта М.Қозы­баев атындағы СҚМУ-да қанат қақты. Әдеби-сазды кешке ақын­ның жары Роза Зікібаева, мар­құм­ның туған-туыстары мен өнер­сүйер қауым қатысып, өлең-жырларында шындықты, таза­лық­ты, пәктікті жырлап өткен ақынның адамгершілік асыл қа­сиеттері, шығармашылық қол­таң­басы жайлы небір сырлар шертілді. «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі, белгілі публицист Сарбас Ақтай, Еуразия универ­ситетінің профессоры Семетей Жусанбаев, жергілікті ақындар Мүталлап Қанғожин, Болат Қо­жахметов және тағы басқалар тұлғалы азаматтың ішкі жан дүниесіне терең бойлап, ағынан ақтарылды. Тіл институтының студенттері ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді. Оның өлеңдеріне жазылған әндер әуелете шырқалды. Сондай-ақ, ақынның жыр топ­тамалары екі томдығының тұсау­кесері өтті. Ақынның мерейтойы одан әрі туған жері Өрнек ауылында жал­ғасты. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.