• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Шілде, 2017

Журналистер арасында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өтеді

212 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында журналистер арасында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өткізіледі.

Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы, ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына үлес қосу.  

Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар мен жеке авторлар қатыса алады. 2017 жылғы Конкурсқа соңғы екі жылда өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды. 3.3. Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін баспа БАҚ-та, оның ішінде, этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған материалдар,  теле-радиобағдарламалар қабылданады.

 Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік бейне сюжеттері;

- баспа және электрондық басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік мақалалар;

- ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік радиобағдарламалары мен материалдары;

- мемлекеттік тілді насихаттау және кеңінен танытып-тарату саласындағы арнайы жүлде.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

- өңірлік конкурсқа қатысу үшін қатысушылар конкурстық жұмыстарды 2017 жылғы 20 маусымнан бастап 2017 жылғы 5 қазанға дейін жібере алады;

- конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2017 жылғы 5 қазаннан 2017 жылғы 15 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі.

Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау Астана қаласында 2017 жылғы қараша айында медиа-форум шеңберінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына электронды түрде, сондай-ақ, жабық конвертпен жіберуге болады.

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсына қатысуға арналған

өтінім мына мәліметтерді қамтуы керек:

* облысы, елді мекені;

* тегі, аты, әкесінің аты;

* туған жері және туған жылы;

* ұлты;

* тұрақты тұратын жері;

* байланысу телефоны;

* оқу орны/жұмыс істейтін жері;

* лауазымы;

* жұмыс өтілі.

Байланыс телефондары: + 7 7172 74 12 15, + 7 7172 74 12 13

E-mail: info_rgy@mail.ru