• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Президент 06 Шілде, 2017

Елбасы Астана әуежайына өз есімі берілуіне қатысты пікірін айтты

156 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Астана әуежайына өз есімін беруге қатысты пікірін білдірді.

«Бұл менің бастамам емес. Мен ылғи да бұндай бастамаларға қарсы болып келдім. Бірақ мұндай ұсыныс қайт-қайта алдымнан шыға береді. Соған қарағанда, адамдар атқарылған жұмысты көріп, соған ризашылығы мен алғысын білдіргісі келетін секілді, – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. – Кез келген саясаткер, Мемлекет басшысы тарихта атқарған ісімен қалуы керек. Баға беретін біздің буын емес, келер ұрпақ. Мен ұлы философ, Рим императоры Марк Аврелийдің «Сіздің неге әлі күнге ескерткішіңіз жоқ?» деген сұраққа: «Мен кейін адамдар мына ескерткіш кімнің ескерткіші деп сұрағанын қаламаймын. Керісінше, «мына адамға неге әлі ескерткіш қойылмаған?», деп сұрағанын қалаймын», – деген жауабын жиі есіме аламын».

Айта кетейік, «Қазақстан болашаққа көз тігеді» атты арнайы репортаж Ресейдің танымал «Россия 24» телеарнасында жарияланған болатын.