«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлімі халықпен етене байланысудың ең бір тиімді құралына айналды. Бүгінгі күні «Нұр Отанда» тұрақты түрде депутаттармен, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, банктер, басқа да мекеме басшыларымен азаматтарды қабылдау өткізіліп, Қазақстан адвокаттар одағы және «Қоғамдық қорғаушы» РҚБ өкілдерімен тегін кеңес беру көмегі көрсетіледі. Ал бүгіннен бастап партияның қоғамдық қабылдау бөлімінде ТКШ және құрылыс істері жөніндегі агенттігі, ТКШ қазақстандық орталығымен бірлесіп әр апта сайын консультациялық кеңес беру өткізілетін болады.
Бұл шешім қазанның 4-і күні Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдауында, партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен болған қабылдау кезінде айтылды. Жаңа жұмыс тәртібін енгізу ұсынысын «ТКШ ҚазОрталығы» басқармасының төрағасы Әлихан Бижанов алға тартты.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 11 мыңнан астам үйлер мен 81 мыңнан астам жылу-электр және көгілдір отын желілерін жөндеу көзделген. Қазақстанда осы саланың заманауи үлгілерінің енгізілуі көптеген сауалдардың туындауына себепші болуда. Сондықтан қоғамдық қабылдауға түскен сұрақтар легі қазақстандықтар үшін жайлы тұрғын үй мәселесі бірінші кезекте тұратынын көрсетіп отыр. Тек қыркүйек айының өзінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша түскен өтініштер саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Щучье-Бурабай курорттық аймағы ересектер мен балалардың белсенді демалыс орталығы жобасын қаржыландыруға көмектесу. Бұл да бүгін қабылданған маңызды шешімдердің бірі. Орталық ғимараты үшін әлі толық салынбаған мектеп-гиназияның құрлысы пайдаланылмақ. Осы жерде ойын-сауыққа қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілген балалар қалашығы бой көтермек.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының қабылдауына келгендердің барлығы өз сауалдарына жауап алды.
Халық арасында «Нұр Отанға» деген сенімнің артқанын сандар да дәлелдейді. Айталық, жыл басынан бері қоғамдық қабылдау бөліміне 50 мыңнан астам өтініш түскен, оның 20 мыңы жазба түрінде. Өтініштердің 45 пайыздан астамы мемлекеттік органдар қарауына жолданып, оң шешімін тапқан.