• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2011

«Тараз-2011» оқу-жаттығу шаралары

317 рет
көрсетілді

«ҚазТрансГаз» АҚ өзінің құрылымдарында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы шараларды ұдайы және жүйелі жүзеге асырады «ҚазТрансГаз» АҚ Тараз қала­сын­да­ғы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ база­сын­да «Тараз-2011» командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізеді. Бұл оқу-жаттығу шараларының мақсаты Тараз қаласы шең­берінде мүмкін болатын табиғи апат­тар кезеңіндегі төтенше жағдайларға бай­ла­нысты адамдар мен техникаларды құт­қа­ру, апат салдарының алдын алу және қал­пына келтіру жұмыстарын жү­зеге асы­ру болып табылады. Алда болатын бұл оқу-жаттығу ой­ындары үш сценарий бойынша дамиды деп күтілуде: 1) апатты зіл-зала сал­да­рынан үш қабатты әкімшілік ғимараты құлайды және өрт орын алады. Зардап шеккендер бар, құлаған ғимараттар ас­тын­да адамдар қалған, газбен жаб­дық­тау жүйесі істен шыққан; 2) апат сал­дарынан жер астымен өтетін газ тарату жүйесінің электрмен дәнекерленген қо­сын­дысынан газ сыртқа шығып, өрт сал­дарынан жарылыс қаупі орын алады. Апат салдарынан 315 жекеменшік үй және 7 коммуналдық-тұрмыстық кәсіп­орын газсыз қалған; 3) дауылға ұласқан қатты жел салдарынан ағаштар құлап, үл­кен ағаш бөренесі тарату пунктінің шка­фының үстіне құлап зақымданған. Осы­ның салдарынан төменгі қысым­да­ғы газ құбырынан сыртқа газ шығу қау­пі орын алып, 25 жекеменшік үйді және 3 төрт қабатты көп пәтерлі үйді газбен жаб­дықтау жүйесінен айыруға тура келді. ­ Командалық-штабтық жаттығулар алты жарым сағатқа созылады. Осы уа­қыт ішінде белгіленген сценарий бой­ын­ша әкімшілік ғимараттағы адамдар­ды құтқару жұмысы жүзеге асырылуға, зардап шеккендерге медициналық кө­мек көрсетілуге, газ жүйелерінде және қондырғыларында орын алған апатты жағдайларды жою және залалсыз­дан­ды­ру, Тараз қаласындағы тұрғын үйлермен коммуналдық кәсіпорындарды газбен қам­тамасыз етуді қалпына келтіру ша­ра­лары жүзеге асырылуға тиіс. Оқу-жаттығу шаралары барысында мына мәселелерді жүзеге асыру жоспарлануда: – табиғи апат орын алған аймақта апаттың алдын алу және іздестіру-құт­қару шараларын жүргізу кезінде барлық құрылымдардың нақты қызметі мен ұйымдастырушылық жұмыстарының жалпы мақсатын жүзеге асыру; – төтенше жағдайлар салдарла­ры­ның алдын алу шаралары бойынша қыз­меткерлердің тәжірибелерін жетілдіру, зардап шеккендерге бірінші көмек шараларын жасау, қажет болған жа­ғ­дайда жетекшілердің тиісті шешімдер қабылдауын жүзеге асыру; – диспетчерлік қызметтің дайын­ды­ғын, байланыс және тұрғындарды дер кезінде хабардар ету мәселелерін ұйым­дастыру жағдайын тексеру; – зардап шеккендерді қауіпті аймақ­тардан көшіру және олардың қалыпты өмірге қажетті тұрмыс жағдайларын жа­сау және тағы басқа қажетті шара­лар­ды ұйымдастыру. Командалық-штабтық оқу-жаттығу шараларына құтқару және апаттың ал­дын алу жөніндегі техникалық командалар, «ҚазТрансАймақ» АҚ Жамбыл фи­лиалының өндірістік құрылымдары қа­ты­сады. Сонымен бірге, шараларға Жам­был облыстық төтенше жағдайлар депар­та­мен­тінің «Жедел құтқару отря­ды» МК, «Апаттан құтқару жұмысы жә­не өртке қарсы шаралар қызметі» ММ қатысады. 4 қазанда Жамбыл облысындағы Амангелді кен орнындағы «АмангелдіГаз» ЖШС серіктес кәсіпорынның база­сын­да «ҚазТрансГаз» АҚ Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары және төтенше жағдайлардың алдын алу жө­ніндегі құтқару және басқа жұмыс құ­рылымдарының қатысуымен команда­лық-штабтық оқу-жаттығу шараларын өткізді. Бұл шараның басты мақсаты «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобына қарасты құрылымдардың Азаматтық қор­ғаныс және төтенше жағдайлар ша­ралары бойынша тиімді бірлескен жұ­мысын жүзеге асыру болып табылады. Оқу-жаттығу ұйымдарының мақсаты апатты жағдайлар және техногендік үде­рістер істен шыққан кезде құтқару және апаттың алдын алу құрылым­да­ры­ның жұмысын тиімді де ықпалды ұй­ымдастыру болып табылады. Оқу-жат­тығу «Амангелді» кен орнының кешенді газ қондырғысы орналасқан №101 ұң­ғымасы аймағындағы ұңғы ма­ңай­ын­да өткізіледі. Оқу-жаттығу ойындарына «Қаз­Мұ­найГаз» ҰК» АҚ-ның, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның және осы акционерлік қоғам­дар­дың серіктес компанияларының жетекшілері мен қызметкерлері, сонымен бірге «АмангелдіГаз» ЖШС-ның Аза­мат­тық қорғаныс құрылымдарының бас­­шылары мен қызметкерлері қаты­сты. «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан газын тарату, тасымалдау, игеру және газ кен орындарын анықтау жүйелерінің активтеріне корпоративтік басқару жүргізу мақсатында газ саласына жүйелі жетекшілік жұмыс жүргізу үшін 2000 жылы құрылған болатын. «ҚазТрансГаз» Қа­зақ­станның «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұ­най-газ компаниясының құрамына кіреді. Ал «АмангелдіГаз» ЖШС 2003 жы­лы Бірыңғай Қатысушы – «Қаз­Транс­Газ» АҚ-ның Жамбыл облысының ке­лі­сім-шарттық аумағында мұнай опер­а­ция­ларын жүргізу мақсатында осы акционерлік қоғамның атынан және оның тапсырмаларын орындау мақсатында құрылған болатын. Сол 2003 жылдан бастап «Амангелді» кен орнындағы газ конденсатын пайдалану және Амангелді кен орнындағы газ кенін анықтау тобының кен орындарын іздеу, игеру және оны пайдалануға беру жұмыс­та­рымен айналысады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.