18-31 шілде аралығында Түркияның Самсун қаласында өтетін сурдлимпиадалық ойындарға қатысу құрметіне құлағы ауыр еститін екі спортшы–Татьяна Терехова мке Дмитрий Лактионов ие болды.
«Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын байрақты бәсекеге 2015 жылдан бері жүйелі түрде дайындалып келеміз. Осы аралықта спотшыларымыз әртүрлі жарыстарға қатысып, облыс намысын ойдағыдай қорғай білді. Ендігі мақсат–жүктелген сенімді ақтау», дейді «Үміт» жеңіл атлетика клубының жаттықтырушысы Рүстем Шөкеев.
Дмитрий Лактионов биыл қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионы атанған. Желаяқ 400 метрді 51 секундта жүгіріп өткен.
Татьяна Терехова спорттың бағдарлау түрінен қатысады.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.