• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 14 Шілде, 2017

Қазақстан еурокубоктар маусымының рейтингінде үздік ондықтан шығып қалды

137 рет
көрсетілді

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарынан кейін Қазақстан еурокубоктардың 2017/18 маусымының рейтингінде бес орынға төмендеді, деп хабарлайды sports.kz.

1,625 коэффициент көрсеткішімен біздің ел алтыншы орыннан 11-ге сырғыды. Айта кетейік, кеше Алматының«Қайраты» өз алаңында «Скендербеу» командасымен, ал Павлодардың «Ертісі» «Црвеная Звезда» клубымен тең ойнады. Екі матч та 1:1 есебімен аяқталды.

Рейтингтің үздік ондығы келесідей:

1. Англия - 2,285 ұпай 2. Дания - 2,000 3. Лихтенштейн - 2,000 4. Кипр - 1,875 5. Израиль - 1,750 6. Норвегия - 1,750 7. Испания - 1,714 8. Германия - 1,714 9. Әзербайжан - 1,625 10. Швеция - 1,625 11. Қазақстан - 1,625.