Атырауда интернеттің осындай түріне тегін қосылуға болады
Облыстық телекоммуникация дирекциясы Атырау қаласында «Wi-Fi желісінің құрылысын жүргізу» жобасын іске асырды. Бұған облыс әкімі Бергей Рысқалиев қолдау білдірді. Интернеттің мұндай сымсыз байланыс түрін пайдаланушылар енді қаланың бірнеше алаңында тегін қосыла алатын болды. Сөйтіп, Атырау қаласындағы алаңдарда, аллеялар мен парктерде, сондай-ақ, Жайық өзені жағалауларында, Атырау сауда үйінде ноутбук арқылы тегін интернетке қосылуға жол ашылып отыр.
– Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылып отыр. Жобаны іске асыру үшін облыс бюджетінен 13 миллион теңге қаржы бөлінді, – деді облыс әкімі Бергей Рысқалиев. – Жыл аяғына дейін тағы да қаланың бірнеше шағын ауданында осындай тегін интернетке қосылудың нүктелері ашылады.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.