• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда бірқатар азық-түлік өнімдері қымбаттады

119 рет
көрсетілді

Жұртшылық бірінші кезекте қажет ететін жарма, жеміс-жидек, өсімдік майы, тағы басқа азық-түлік тағам түрлері бағасының өскені байқалады.

Кәсіпкерлік және туризм басқарманың мамандары мұндай қымбатшылықты көтерме сауда және тасымал бағасының өсуімен байланыстырады.

Әсіресе, қантқа сұраныс өте жоғары. Баға күн сайын құбылып барады. Оның бір килосы 235 теңгеден 257 теңгеге көтерілді.

«19 азық-түлік түрлері бойынша әкімдіктік пен сауда орындары арасында меморандум жасалып, бағаны ырықтандырудың шаралары қарастырылған. Бағаны 10 пайыздан асырмау міндеттемесі қатаң бақылауға алынған. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорына 884 тонна қант жеткізіліп, 340 тоннасы таратылды. Бұдан тысқары 350 миллион теңгеге 100 тонна қарақұмық, 68 тонна күріш, 104 тонна өсімдік майы сатып алынды», дейді сауданы дамыту бөлімінің жетекшісі Мұрат Нұрқанов.

Жыл басынан бері облыс орталығында 115 ауыл шаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 156,3 миллион теңгенің азық-түлік өнімдері саудаланған. Мұнда баға 20-30 пайызға арзан.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы.