• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Шілде, 2017

Өңірлік тауар өндірушілер ауыл шаруашылығының 600 тоннадан астам өнімін ұсынады

98 рет
көрсетілді

15-16 шілдеде «Қазақстан» СС көлік тұрағының аумағында республиканың 4 өңірінен келген тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен 600 тонна азық-түлік өнімін ұсынады.

Мәселен, жылқы етінің 1 келісін 1500 теңгеге сатып алуға болады, сиыр етінің 1 келісі 1250 теңге сомасында ұсынылмақ, сұйық май 340 теңге көлемінде сатылымға шығады.

Азық-түлік өнімінің 35-тен астам түрі ұсынылады: ет және  сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, сұйық май, күріш, балық және т.б.

Дәстүр бойынша жәрмеңке өңірлік шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын таппақ.

Келесі демалыста өтетін жәрмеңкеге Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстары келеді.