• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Шілде, 2017

Премьер-Министр индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

210 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кеңес барысында Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру бойынша жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге егжей-тегжейлі жоспар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев құзыретті мемлекеттік органдарға Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сөзсіз іске асыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Соңғы жаңалықтар