14 елден 155 жас дзюдошылар қатысқан чемпионатты Қазақстан құрамасы 2 алтын, 6 күміс және 7 қола медальмен, медаль саны бойынша 3 орынмен аяқтады. 2017 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық екі спортшы чепмпион атанып, ел намысын абыроймен қорғады.
Назарларыңызға Азия Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:
Алтын – Шерзод Давлятов (50 кг) Алтын – Бекарыс Сәдуақас (-90 кг) Күміс – Меруерт Сәрсенова (52 кг) Күміс - Саёра Мырзахметова (63 кг) Күміс – Нұрбек Ортай (73 кг) Күміс – Серікболсын Шынтас (81 кг) Күміс - Ханифа Тугушева (57 кг) Күміс – Арайлым Оразбай (70 кг) Қола – Ерлан Оңалов (50 кг) Қола – Ермек Амангелді (55 кг) Қола – Ислам Тоқтасын (66 кг) Қола – Сара Құлым (40 кг) Қола – Ақжол Қайыпхан (48 кг) Қола – Нұрлыхан Шархан (+90 кг) Қола – Мадина Парагулкова (+70 кг)