Астана қаласында Есіл ауданы әкімінің аппаратында 6 және одан да көп баласы бар аналарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев көпбалалы аналарды марапаттап, оларға «Алтын» және «Күміс алқа» төсбелгілерін тақты. Атап айтқанда демографияның өсуіне өз үлестерін қосып жүрген Алуа Құзайрова, Айымжан Айтмырзаева, Майра Болдырғанова және Алена Кузьминыx қошеметке бөленіп, алқа тақты.
Көпбалалы аналарға денсаулық, сарқылмас бақыт, отбасында әрдайым береке болуын тілеп, жақсы көңіл-күймен шығарып салды.