«Астана арландарының» капитаны, 52 килограмда шаршы алаңға шыққан Олжас Сәттібаев қарсыласына есе жіберді.
Олжас Сәттібаев пен Йосбани Вейтиа арасындағы жекпе-жектің бірінші раунды кубалық боксшының басымдылығымен өтті. Кездесудің қалған бөлігінде де Олжас қарсыласы Вейтианы білгенінен жаңылдыруға тырысқан. Әйтсе де, кубалық боксшы Сәттібаевтың ойлағанын жүзеге асыруға мүмкіндік қалдырмады.
Қос боксшы 2015 жылғы финалда жолығып, Олжас Сәттібаев жеңіске жеткен болатын. Финалдық жекпе-жек алдында Олжастың өзі екі жыл бұрынғы жеңісін қайталайтынын айтқан еді. Өкінішке қарай, Сәттібаев сөзінде тұра алған жоқ.
Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтіп жатыр. Әзірге 5:2 есебімен кубалықтар алда келеді.