Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кеңес барысында Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру бойынша жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге егжей-тегжейлі жоспар қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев құзырлы мемлекеттік органдарға Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сөзсіз іске асыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.