• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Шілде, 2017

Қазақстан халқы бір жылда 239,2 мың адамға көбейді

156 рет
көрсетілді

Еліміздің халқы бір жылда 239,2 мың адамға көбейді. Дегенмен дүниеге келген балалардың саны 6,2%-ға азайып кеткен, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Биылғы жылдың 1 маусымында еліміздегі халық саны 18 014,2 мың адамға жетті, соның ішінде қалалықтар 10 358,0 мың (57,5%), ауылдықтар 7 656,2 мың адамды (42,5%) құрады. 2016 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда халық саны 239,2 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

АХАТ органдары ұсынған мәліметке сүйенсек, биылғы жылдың бес айында 155,4 мың бала дүниеге келді, бұл 2016 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 6,2% аз.

«2017 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 9,9 мың адамға немесе 9,1%-ға кеміп, 99,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,37 адамды құрады», - деп жазылған хабарламада.

Осы жылдың қаңтар-мамырында 55,7 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 0,7%-ға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,46 адамды құрады.

Осы уақыт ішінде елімізде 1 жасқа дейінгі 1 344 нәресте шетінеген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,8%-ға азайды.

Көші-қон қызметі органдарының мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-мамырында елімізге тұрғылықты тұруға келгендер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,3%-ға көбейіп, 7 204 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 4,0%-ға көбейіп, 10 975 адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар