• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 18 Шілде, 2017

Жапонияның дара жаңалығын сезінетін күн

226 рет
көрсетілді

Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 22 шілде күні Жапонияның Ұлттық күні «JAPAN DAY» аталып өтеді. Бұл туралы 2017 жылдың 17 шілдесінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. 

Қазақстаннан және күллі әлемнен келген қонақтар Жапо­нияның дәстүрлі және зама­науи мәдениетімен таныса оты­рып, бұл мемлекеттің дара тартым­дылығын сезіне алады.

Жапон павильонының комис­­сары Накамура Томия­су­дың сөзінше, Жапония ЭКСПО халық­аралық көрмелері арқылы бүкіл адамзаттың алдында тұр­ған мәселелерді шешуге бағыт­талған өзіндік идеялар мен шешімдерді ұсынып келеді.

«Астана ЭКСПО» халық­ара­лық көрмесінде орналасқан Жапония павильонының тақырыбы – «Smart Mix with Technology». Түрлі энергия көз­дерін ұтымды қолдану арқы­лы, арзан әрі қауіпсіз энергия­ны қолданудың маңыздылы­ғын баршаға түсінікті түрде көрсеткіміз келеді», дейді жапо­ниялық комиссар.

Жапония ұлттық күнінің басты салтанаты ретінде арнайы қойы­лымдар мен мәдени іс-шараларды атауға болады. Ұйым­дастырушылардың ай­туын­ша, жапонның дәстүрлі ас­пап­тарының орындаушылары тек осы күнге арнап хитирики, сягухати (үрмелі аспаптар) мен кото (ішекті аспап) аспаптарында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Жапонияның әр өңірінің биін жаңа цифрлы технологиялармен бірлестіріп, қонақтар қатыса алатын аудио-визуалды шоу ұйымдастырылады. Павильон қонақтарына тағы бір жағым­ды жаңалық – Ұлттық күн барысында Қазақстан Рес­публикасының Еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаева мен танымал домбырашы Асылбек Еңсепов өнер көрсетеді.

«Жапония павильонына келушілердің саны 250 мың адамнан асты. Жапония па­вильоны келген қонақтардан әрда­­йым жылы лебіздер естиді. Біз­дің павильон бейнекөріністер мен суреттерді қазақ тілінде ұсы­нады. Бұл келген қонақ­тары­­мыздың көңілінен шығуда. Экс­курсия аяқталған соң барлығы келіп ризашылығын білдіреді»,  дейді Накамура Томиясу.

Жапония Ұлттық күнінің бағ­дарламасы келесі шаралардан тұрады:

Мерекенің ашылу салта­наты мен Мәдени көрсетілім (Өткізілетін орны: Ұлттық күн сахнасы). Сағат 10:00-ден бастап жапон ұлттық музыкалық ас­паптарының арнайы қойылымы өтеді.

Жапонияның дәстүрін бейнелейтін жапон дәстүрлі музыка аспаптар концерті «Japan culture stage wagakki» (Өткізілетін орны: Энергия холлы). Сағат 15:00-ден бастап «Дәстүр дами береді» деген атаумен жапон музыка өнерінің беделді өкілдерінің қатысуымен концерт өтеді.

Тек осы күндерге арналған Жапония павильонының арнайы қойылымы:

Жапонияның жаңа заманын бейнелейтін интерактивті аудио-визуалды қойылым «Dance viewsic en» (Өткізілетін орны: Жапония павильоны Zone I және Zone II залдары)

2025 жылы ЭКСПО халық­ара­лық көрмесін өткізуге канди­дат қала Осаканы насихаттау іс-шаралары «OSAKA 2025 PR event» (Өткізілетін орны: Ұлттық күн сахнасы, Сақиналы желек жол).

«Japan day «Future Energy» Performance live by GISPRI» мәдени көрсетілімі (Өткізілетін орны: Энергия холлы).

Сөзінің соңында Накамура Томиясу барша қонақтарды Жапония павильонында асыға күтетіндігін жеткізді.

Айгүл ШЕРНИЯЗ, «Егемен Қазақстан»