• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2017

250 литр қымыз тегін таратылды

193 рет
көрсетілді

Семейліктер Орталық саябақта қымыз ішіп, дәмін сараптауды жыл сайынғы дәстүрге айналдыр­ған. Биыл да саябақ ішіне ақ дастарқан молынан жайылды. Саба-саба қымызды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ішіп, емен-жарқын қауышқан ағайын көңілі шат болды.

– Қымызмұрындық – ең ежелгі мереке, – деді «Мұсылман әйелдері лигасының» төрайымы Гүлжиһан Жұматаева, – саумалды ем ретінде буын ауруларына ішсе, тіпті пайдалы. Саумалдан соң бір күндік түнемел қымыз, екі күндік құнан қымыз, үш күндік дөнен қымыз, төрт күндік бесті қымыз деген атаулары бар. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Бүйрек пен бауырды қанықтырып, қан тамырларын тазалайды. 

Шараны ұйымдастырушы «Ахау, Семей» этно­мәдени орталығының әжелері мен «Мұсылман әйел­дері лигасындағы» ақ жаулықты аналар мерекеге кел­гендердің барлығына тегін қымызды кеселеріне толтыра құйып берді. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтарына 250 литр қымыз тегін құйылып беріледі. Семейдегі Достық үйінің барлық этномәдени орта­лықтары, түрлі ұлт өкілдері өз қолдарымен жасаған көркем­өнер туындыларынан көрме ұйымдастырды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ

Суретті түсірген автор