Биыл жедел медициналық көмек желілік бригадасы үшін қосымша тағы 13 арнайы машина мен реанимобиль сатып алынады. 2016 жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен ауылдық денсаулық сақтау және емдеу ұйымдары, жедел медициналық көмек стансалары үшін 100 санитарлық автокөлік сатып алынған болатын. Өңір үлкен аумақта орналасқан медициналық ұйымдардың тармақты желісімен сипатталады. Сондықтан, облыстың барлық тұрғындарын заманауи және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуде санитарлық автокөліктер маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды ШҚО денсаулық сақтау басқармасы. Басқармада атап өткендей, облыста жергілікті бюджет қаржысына сатып алынатын санитарлық автокөлік паркін жаңарту бағдарламасы да жалғасын табуда.
Облыстың медициналық ұйымдары 35 санитарлық автокөлік алды.