• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Технология 19 Шілде, 2017

Ескі дөңгелектің екінші «өмірі»

293 рет
көрсетілді

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жылына 100 мың дөңгелек жарамсыз қалып, қоқысқа тасталады екен. Ал сол істен шыққан дөң­гелектерді қайта өңдеу арқылы басқа да кәдеге жаратуға бола­ды. Күні кеше ғана Алматы облысының Қарасай ауданында жы­лына 6 мың дөңгелекті қайта өңдей алатын жаңа зауыт іске қо­сылды.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары қалдықтарды қалпына келтіру мәселесін оң жолға қоюға баса назар аударылып келеді. Мәселен, бір ғана Алматы қаласы мен Алматы облысында жылына 20 мың дөңгелек жарамсыз болады. Оның 70 пайызы жеңіл көліктер дөңгелегі болса, қалған 30 пайызы жүк көліктеріне тиесілі. Бұл өз кезегінде түрлі зиянкестердің көбеюі мен қоршаған ортаның лас­тануына әкеліп соғады. Мұны болдырмаудың жалғыз жолы – істен шыққан материалдарды қайта өңдеп басқа да жұмыстарға пайдалану. Әзірге 30 адамды жұмыспен қамтып отырған зауыттың алғашқы аяқ алысы жаман емес. Алдағы уақытта ауқымын кеңейтіп, өндірістік қуатын екі есеге дейін арттыруды көздеп отыр.

– Қазір қала мен облыс аумақ­та­рын аралап ескі, жарамсыз дөң­ге­лектерді жинаумен айналысып ке­леміз. Барлық азаматтарды осы бастаманы қолдауға шақырып, істен шыққан дөңгелектерін заңды құ­жат бойынша бізге өткізулерін сұ­раймыз. Дамыған мемлекеттер­де жарамсыз қалдықтарды арна­йы мекемелерге өткізу үшін азамат­тар ақша төлейді. Біз тегін қа­был­даймыз. Қай жерден болса да дөң­гелектерді өзіміз алып кетеміз. Құр қоқысқа айналып жатқанша игілікке жарағаны жақсы ғой. Бізден шыққан өнімдер балалар алаңының төсенішіне, газондардың ас­тыңғы қабатына төсеуге, сондай-ақ, ұнтақталған шиналар басқа ел­дердің тәжірибесіндегідей тас жол­­дардың құрамына қоспа ретінде қо­­сылады. Қазіргі таңда еліміз атал­ған қоспаны Ресейден импорттап отыр, – дейді «Q-Recycling» ши­на өң­деу зауытының директоры Жа­сұ­лан Сайкатов.  Мамандар көрші елден импортталатын өнімнің тоннасы 120 мың теңге болса, өзімізде өндірілетін өнімнің тоннасы 80 мың теңге болатынын айтады.  Бүгінгі таңда ел аумағында жа­рамсыз дөңгелектерді қайта өң­деу­мен айналысатын 10-ға жуық за­у­ыт бар. Алматы аумағында бой кө­­терген жаңа зауыт облыстағы ши­­на өңдейтін тұңғыш зауыт бо­лып отыр. Жалпы құны 150 млн тең­гені құрайтын өндіріс оша­ғы же­ке инвесторлардың қар­жы­лан­ды­руымен іске қосылған.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ