• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Театр 20 Шілде, 2017

Астанада қазақ театры салынады

268 рет
көрсетілді

Астанада қазақ театрын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Елордамызда қазақ театры салынбақ. Бұл Астана қаласы әкімдігінің Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" мақаласын іске асырудағы жобаларының бірі ғана", деп жазды ол. 

Астана әкімдігі баспасөз қызметі жетекшісінің айуынша, қала басшысы Әсет Исекешев жаңа театрды жобалауды тапсырған. 

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың маусымында Қазақстан президенті "Астана Опера" театрын ашқан болатын. Ал 2016 жылы Астанада "Астана Балет" театры ашылған еді.