• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Шілде, 2017

Сағынтаев Петропавл әуежайын дамыту перспективаларымен танысты

102 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Петропавл» Халықаралық әуежайын жөндеу барысымен және оның транзиттік әлеуетін дамыту перспективаларымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Облыс әкімінің орынбасары А. Федяев әуежай терминалының ғимараты мен ұшу-қону жолағының жөндеуден өткенін, бұл әуе кемелерінің кез келген түрін қабылдауға мүмкіндік беретінін баяндады. Бұдан өзге, әуежай перронын кеңейту және кірме жолды жөндеу жоспарланған.  

Петропавл әуежайын жөндеу Ресей Федерациясының Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен шекаралас Солтүстік Қазақстан облысының транзиттік әлеуетін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Әуежай басшылығы тұрақты жолаушылар әуе рейстерінің санын арттыру перспективаларын, транзиттік рейстер мен жүк әуе тасымалдарына қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыруда.