• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2017

Юньнаннан жеткен сый

108 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы Қытай павильонында Юньнань провинциясының күні өтті. Шара аясында Қазақстан мен Қытай өкілдері арасында іскерлік кездесулер мен келіссөздер ұйым­дас­тырылды. Басқосуға қо­нақ­тар тарапынан Юньнань пров­инциясының халық кон­гресінің тұрақты ко­ми­теті төрағасының орын­ба­­сары Ван Шуфэнь, Қы­тайдың Қазақстандағы ел­шісі Чжан Ханьхуэй, ҚХР ха­лықаралық сауда па­ла­та­сының бас хатшысы Юй Цзаньпун және өзге өкілдер қатысты.

Көрме алаңындағы кездесулер Қы­тай компанияларымен тиімді жұ­мыс істеу үлгісін қалып­тас­ты­рады. Негізгі тақырып – ин­вес­ти­­циялық әріптестік дамуы, бір­лес­кен жаңа кәсіпорындар құру және екі жақты тауар айналымын ілгерілету. 

«Біз қытайлық достарымызбен және серіктестерімізбен іскерлік әріп­тестікті нығайту мақсатында ЭКСПО алаңын тиімді пайдалану­дамыз. Осылайша Мем­лекет бас­­шысы Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың Қазақстан экономикасы­на шетелдік инвестицияны тар­ту бойынша тапсырмасын орын­да­у­­ға үлес қосу үстіндеміз. Бар­лы­ғымыз Қытайдың Еуразия құр­лы­ғын­да және әлемде мой­ын­далған эко­номикалық көш­бас­­шы екенін білеміз. Біздің кә­сіп­керлер ауыл шаруашылығы, ту­ризм, жаңа технологиялар салала­рында үл­кен тәжірибесі бар көп ұлтты про­винция – Юньнаньмен таныс­ты. Бұл шаһар Қытайдың оң­түстік қақпасы екенін жақсы тү­­сі­нуіміз керек. Сондықтан Қа­зақстан аймақтары осы провин­ция­­мен іскерлік қарым-қатынасты барын­ша нығайту қажет», дейді Инвестициялық әріптестік агент­­­тігінің басшысы Айдын Байеділов. 

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген

Орынбай Балмұрат,

«Егемен Қазақстан»