• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 27 Шілде, 2017

Салқындату жүйесі сұранысқа ие

296 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығындағы Сингапур елінің павильоны ұлттық күнін мерекелегенін ха­барлағанбыз. Аз уа­қытта эко­номикасын тіктеп, әле­м­нің алдыңғы қатарлы елі­не айналған мемлекет жұрт­шы­лыққа озық технологияларын ұсынды. Ұлтарақтай жері болса да ұлы державалармен иық тірестіріп отыр­ған Сингапурдың та­би­­ғи ресурстары шек­теу­лі. Сондықтан, бұл ел тәу­ел- сіздігін алған жылдар­дан бас­тап баламалы энергия көз­деріне иек артып, инно­ва­цияны дамытуды қолға ал­ған.

«Біз – мұнай мен газ қорының жоқтығына қарамастан, ірі ойыншылардың қатарынанбыз. Айталық, Джуронг аралын әлемдегі ең ірі мұнай химиясын өңдеу зауыттарының біріне айналдырдық. Десе де, өзекті мәселелер де жоқ емес. Оларды шешу мақсатында әрдайым жаңа идеяларды жетілдіріп, жиі сынақтан өткізіп отырамыз. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттерінің біздің елге ерек­ше қызығушылық танытуы да сондықтан деп ойлаймын», дей­ді Сингапурдың сауда және өнер­кәсіп аға министрі Ко По Кун.

«Арал-мемлекет» атанып кеткен ел әлем назарына үздік жобаларын ұсынып жүр. Мәселен, дүние жүзіндегі ең үлкен жерасты салқындату жүйе­сі Сингапурдың «Марина Бей» қаржы орталығында ор­на­ласқан. Салқындатылған су ғи­­мараттарға жіберіледі. Осы­лайша, тұтынушылар қуат көзін 40 пайызға дейін үнемдей алады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің айтуынша, Сингапурда қысы-жазы күн ыстық. Ауа райы ылғалды келеді. Осы мәселені шешу үшін ғимараттың ауасын салқындату жобасын ойлап тап­қан. Қазір бұл әдіске қы­зы­ғушылар көп.  

Асхат РАЙҚҰЛ,

Суреттерді түсірген

Орынбай Балмұрат,

«Егемен Қазақстан»