• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2017

Голливуд актеры Джон Малкович: Қазақстанды қуана-қуана аралап көрер едім

229 рет
көрсетілді

ХІІІ «Еуразия» халықаралық фестиваліне арнайы келген Голливуд актеры Джон Малкович Қазақстанды аралап шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Голливуд актеры Джон Малкович БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Күні кеше ғана шетелдік құрметті мейман «ЭКСПО-2017» көрмесін аралап қайтқан болатын. Халықаралық көрмеден алған әсерімен бөліскен актер Қазақстан және Франция павильондарында болған.

«Көрмені тамашалау үшін көп уақытым болған жоқ. Дегенмен, көргендерім мені керемет тамсандырды. Көрменің сәулеті керемет. Өзім де сәулет саласын зерттеп жүргендіктен, көрме мені ерекше қызықтырды. Біз Қазақстанның павильонында болдық. «ЭКСПО-2017» көрмесі болашақ энергиясы мәселесін көтеріп жатқанын білемін. Бір сөзбен айтқанда, бәрі керемет. Роботтар көрмесін тамашаладым. Қазақстан маған өте ұнайды. Екі қалада - Алматы мен Астанада болдым. Қазақстанды қуана-қуана аралап шығар едім. 6-8 жыл бұрын досым аралап шыққан. Сондықтан, менің де Қазақстанды аралап шығуым мүмкін», деді Голливуд актеры.

Малкович осымен Қазақстанға екінші рет келіп отыр. 2010 жылы ол Алматы қаласында болған. Актер елге келмей тұрып, Қазақстанның тарихын ақтарып шыққан.