• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 27 Шілде, 2017

EXPO көрмесін тамашалауға 2 мыңдай украиндар келеді

259 рет
көрсетілді

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды

Жаз айлары аяқталғанша украиналық 2 мыңдай азамат Қазақстанға арнайы ат басын бұрады. Бұл туралы елдің ұйымдастыру тобы хабардар етті. Олардың айтуынша, EXPO көрмесін көрген қонақтардың Қазақстанға деген қызығушылығы артқан. Әсіресе қазақтардың қонақжайлылығы тәнті етіп, халықаралық шараға дайындық деңгейі ерекше әсер қалдырған.

Валентин Войтков, турист:

– Қазақстан ерекше әсер қалдырды. EXPO-ны көрдік. Қызықты. Елдің дайындығы көрініп-ақ тұр. Еріктілердің, ұйымдастыру комитетінің жұмысы мақтауға тұрарлық. Бәрі қонақжай. Жол нұсқап, қажетті ақпаратты береді. Астана өте әдемі екен. Таң қалдым. Аз уақыттың ішінде әсем қала бой көтерген. Сәулеті мен дәулеті келісті шаһар екен. Тұрғындары да қонақжай. Маған ұнады.