• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2017

«Ұлт жоспарына» сәйкес студент бірнеше мамандықты игере алатын болады

438 рет
көрсетілді

«Ұлт жоспарында» білім берудің модульдік жүйесіне көшу міндеті жүктелген.

Бұл – студенттердің кәсіби тұрғыда бір емес бір-біріне жақын бірнеше мамандықты меңгеруіне жағдай жасау деген сөз, деп хабарлайды 24.kz. 

Осы мақсатта 10 жоғарғы және 10 кәсіби-техникалық білім беру мекемесі іріктеліп алынған. Тізімде Ақтөбе политехникалық колледжі де бар. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ошағының материалдық-техникалық базасы мығым білікті педогогтары жетерлік. Онда биылғы оқу жылынан бастап «Ұлт жоспарының 77-ші қадамында» көрсетілген жүйені іске асыру бойынша кей мамандықтар жаңа әдістеме бойынша оқытыла бастайды. Бұл – жас маманның жұмыс табу мүмкіндігі бірнеше есеге артады деген сөз. Қазіргі таңда оқу ордасын тәмамдаған түлектердің 94 пайызы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Тағы бір айта кететін жайт, Елбасы тапсырмасына сәйкес кәсіптік білім тегін беріледі.

Мира Есетова, оқытушы:

– Модульдік тәсілдеме бойынша әзірленетін біздің түлегіміз бірінші модульде бір біліктілік, екінші модульде екінші біліктілік, үшінші модульде ол орта буын маманы болады. Демек, ол ең кемінде екі жұмысшы маманын алып шығады.

Сәуле Өмірбекова, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

– Бюджеттен биыл 250 млн теңге қаражат бөлінді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3 колледждің жанында жатақхана ашылайын деп жатыр. Оның екеуі аудандық және біреуі Ақтөбе қаласының колледжінің жанында болады.