• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Күрес 27 Шілде, 2017

Қазақстан құрамасы Сурдолимпиададан олжалы келе жатыр

154 рет
көрсетілді

Алматы қаласының ақпараттық-спорт хабы 28 шілде, жұма күні таңғы 05.25-те Қазақстан құрамасы Сурдлимпиададан елге оралатынын хабарлайды.

13-31 шілде  күндері  Түркияның Самсун қаласында өткен байрақты бәсекеде  ел намысын 35 спортшы қорғаса, оның ішінде 12 адам Алматы шаһарынан қатысты.

Алматылық спортшылар арасында еркін күрестен 97 келі салмақта Асылжан Тәжиев үшінші орынға табан тіресе, ал грек-рим күресінен 130 салмақ дәрежесінде Хайратхан Шонку қола жүлдені олжалады.

Бір кетер жайт, сурдолимпиада – есту қабілеті нашар спортшылар арасында өтетін жарыс.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы