• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2017

Дабылды ескерту: алдағы үш күнде аптап ыстық болады

155 рет
көрсетілді

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте Иран аудандарынан келген құрғақ және ыстық ауа массалары бұрынғысынша Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысына әсер етіп, өте қатты ысиды. Ауа температурасы күндіз 33-39º, кей жерлерде 40-45ºС көрсетеді. Ал республиканың солтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, сондықтан осы өңірлерде қоңыржай ауа райы болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды және бұршақ жаууы да мүмкін. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның орталық және шығыс аудандарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, ыстық түседі деп болжануда.

28-29 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, 29-30 шілдеде Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 40-43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.