• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2017

Қарағандыда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталады

417 рет
көрсетілді

Қарағандыда 1-ші тамыздан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталады. Тамыздың 1-нен бастап «Мектепке жол» республикалық акциясы басталып, 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды оқу жылына дайындау болып табылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Көмекке мұқтаж және ондай жандарға қол ұшын бергісі келетіндер үшін Қарағанды облыстық білім басқармасы «жедел желі» телефон байланысын ұйымдастырған.

Акция шеңберінде сонымен қатар қайырымдылық шаралары, мектеп жәрмеңкелері өткізіліп, аз қамтылған отбасындағы балалар үшін қажетті мектеп жабдықтары мен киім-кешектер қабылдау бекеттері ашылады.