• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Парламент 28 Шілде, 2017

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

214 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Тараптар әңгіме барысында екі елдің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына қатысты ауқымды мәселелерді талқылады. Сенат Төрағасы орынбасарының ай­туынша, Қазақстан ұлттық мүд­де­лерді халықаралық арена­да ілгерілетуде Бухаресті сенім­ді әріптес ретінде таниды және олардың Орталық Азия аймағына қатысты бастамаларын қолдауға әзір. С.Громов Қазақстан әріп­тес­тік­ті нәтижелі іске асыруға және ортақ күн тәртібіндегі барлық мә­се­­лелер бойынша екіжақты қаты­нас­­тарды тереңдетуге қатысты жұ­­мыс­тарды үдетуге әзір екенін атап өтті.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Ру­мынияның ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқаратын парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту және тереңдету қажеттігі жөнінде ортақ пікір ай­тылды.

Сенат Төрағасының орын­ба­сары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуда Қазақстанды қолдағаны үшін румын жағына алғыс айтты.

Кездесудің қорытынды бөлі­гінде жүздесушілер халық­ара­лық терроризммен, діни экстре­мизм­мен, есірткі саудасымен және қа­зіргі замандағы басқа да қауіп-қатерлермен күресте ауқымды халықаралық шараларда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.