• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Шілде, 2017

Жас шаңғышылар әрі жарысты, әрі демалды

264 рет
көрсетілді

Алматының іргесіндегі «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніндегі еліміздің әр аймағынан жиналған жас шаңғышылар бір апта бойы жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде шынығып қайтты. Онда балаларға арналған мәдени ойын-сауық іс-шаралар мен жаттығулардан тұратын қызықты бағдарламалар әзірленді.

Ақтөбе, Ақмола, Қоста­най, Қара­ғанды, Павло­дар және Шы­ғыс Қазақстан об­лыс­­тары­нан, сондай-ақ Ас­тана мен Ал­маты қалалары­нан келген 12-16 жас ара­­лы­­ғындағы 60 спортшы мен жеті жаттық­тырушы спорт­­тық лагерьде бас қосты. Бала­­ларға арнал­ған жазғы сауық­­тыру шара­сының ұйым­дасты­ру­шысы – Қазақстан Рес­пуб­ликасының «Шаңғы жары­сының ұлттық фе­дерация­сы» ҚБ балаларға ар­нап сан түрлі бағдарлама әзірледі. Спортшы балалар бассейнде шомылып, волей­бол­дан өзара сайысқа түсті. Нәти­жесінде, Ақмола облы­сы­ның командасы бірін­ші орын­ды қанжығасына бай­ла­ды. Сонымен қатар, олар ат­пен серуендеп, үстел тен­ни­сін ойнап, шаңғы роллер­ле­рін­­де командалық жарысқа қаты­суға мүмкіндік алды. Елі­міз­дің әр аймағынан кел­ген жасөс­пі­рім­дердің қуаны­шында шек жоқ. Себебі, осы тектес лагерь елімізде бұрын-соңды бол­маған еді.

– Қазіргі уақытта балалар­дың көбі бос уақыттарын ұялы телефонға телмірумен өткізетіні белгілі. Ал лагерьде олар бір-бірімен жақын араласып, әңгімелесіп шүйір­­­келеседі. Жалпы, спорт лагерінде қандай да бір іспен ай­на­лысып, жарыс­тарға қатыс­қан кезде бос жүруге уақыт­тары бол­май­ды. Соңғы уақытта жас­тардың спортқа деген қызы­ғу­шылығы еселеп артып келеді. Қазіргі кезде кімде-кім спортпен айналыс­са, ол мәдениетті, саламатты, сыпайы әрі парасатты адам деген баға беріледі. Ал­ғаш­қы күннен бастап осы қасиеттердің барлығын жас шаңғышылардың бойына сіңіруге тырыстық, – дейді Қазақ­стан Шаңғы жарысы ұлт­тық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.

Айта кетсек, аталған лагерь Іле Алатауы жотасының бет­кейінен 1500 метр биік­тік­тегі бірегей жерде, Талғар қала­­сында орын тепкен. Биыл ал­ғаш рет қолға алынған игі баста­ма­ны ұйымдастырушылар жыл сайын жазғы демалыста дәс­түрлі түрде өткіземіз деп отыр.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ