• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Тамыз, 2017

Астананың кей жерлерінде ауыз су беру уақытша тоқтатылады

105 рет
көрсетілді

2 тамызда сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты Астанының бірқатар тұрғын және тұрғын емес нысандарында ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарлады Астана қаласының жағдаяттар орталығы.

Атап айтқанда, келесі мекен-жай бойынша тұрғын үйлер ауыз сусыз қалады: Күйші Дина 4/1, 4/2; Майлин көшесі 3, 3/2, 5, 5/1, 7, 7/1, 7/2, 8, 9, 11/1, 14, сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы 26/1, Сәтбаев көшесі 19, 19/1.

Онымен бірге келесі мекен-жай бойынша тұрғын емес нысандар ауыз сусыз қалады: Майлин,  12- Қоғамдық тамақтану және қызмет колледжі, Майлин, 1- Тенгри қонақ-үйі, Майлин, 4- Fusion қонақ-үй, Майлин, 10- бизнес орталық, сондай-ақ Майлин, 2/4, 1, 6.