• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 02 Тамыз, 2017

Ақкөл балалар үйі Cirque du Soleil-де қонақта

148 рет
көрсетілді

Бүгін №1 Ақкөл балалар үйінің 80 тәрбиеленушісі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында әлемге танымал канадалық «Cirque du Soleil» циркінің «REFLEKT» шоу-қойылымын тамашалайтын болады.

Балалар керемет цирк қойылымының көрермені болатын бұл күнді асыға күтуде. Кішігірім мерекені балақайларға билет сыйлап, «Мәдениет» ұйымының нұротандықтары ұйымдастырды. Аталмыш акция «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жыл сайынғы жобасы аясында жүзеге асуда.