• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2017

Қарағанды облысында «Жас құтқарушы» жарысы өтті

764 рет
көрсетілді

Теміртауда қалалық, аудандық жас құтқарушылардың ең мықты топтары қатысқан «Жас құтқарушы» облыстық жарыстары өтті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бірінші медициналық көмек көрсету, «Визит карточкасы» көрсетілімі, қабырға газеті мен топ басшылары сайысы бойынша құтқарушылар сынға түсті. Сонымен бірге жауынгерлік қанат жаю, табиғи орта жағдайында құтқару-іздестіру жұмыстары, су айдындарында құтқару жұмыстары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай ауданының жас құтқарушылар құрама командасы «Визит карточкасы» сайысында және капитандар сайысында сәтті өнер көрсетіп, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Бұхар-жырау ауданының атынан қатысқан команда «Жауынгерлік қанат жаю» қашықтықта және «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» кезінде бірінші орын алып, сонымен қатар капитандар сайысында, барлық жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 2 орынды иеледі. «Факел» сауықтыру легерінің құрамасы «су акваториясы құтқару жұмыстары» қашықтығында, қабырға газеті сайысында, капитандар сайысында бірінші орын алып, барлық жарыстардың қорытындысы бойынша «Жас құтқарушылар» облыстық жарысында жеңімпаз атанды.

Жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар және медалдар табыс етілді, ал жеңімпаз командаға жеңіс кубогы табысталды. Жеңіске деген жігері үшін, жүлделі орындарға ие болған командаларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Сонымен қатар жекелеген кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған командалар алғыс хаттармен мадақталды.