• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Тамыз, 2017

Ірі қала басшылары Астанада кездеседі

148 рет
көрсетілді

19 және 20 қазанда CREW (Commercial Real Estate Week) коммерциялық жылжымайтын мүлік жылсайынғы аптасының аясында Астанада «CRE Central Asia 2017» жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша Орталық-Азия форум өтеді.

Қытай, Сипгапур, Франция, Ұлыбритания, Канада елдерінің жылжымайтын мүлік бойынша халықаралық сарапшылары, құрылысшылар, сәулетшілер, мемлекеттік құрылыс және бизнес қауымдастықтың өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын ғана емес, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу, мейрамхана бизнесін және фуд-рейтелді дамыту мәселелерін талқылап, жылжымайтын мүлік нарығы бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынады.

- Шара Тәуелсіздік сарайында Астана қ. әкімдігінің қолдауымен өтеді. Біздің басты мақсатымыз – сарапшылардың тәжірибе алмасуы және жылжымайтын мүлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешуі үшін келіссөздер алаңын құру, - деді ұйымдастырушылар.

Орталық-Азия өңірінің және Ресейдің ірі қалаларының басшылары кездеседі, бұл кездесу форумның басты оқиғасы болмақ.

Әсет Исекешевтің шақыртуы бойынша  Ашхабад, Баку, Қазан, Екатеринбург, Новосібір және Тбилиси сынды қалалардың басшылары елордаға келеді.

Екі күн бойы форум қатысушылары Астана мен Алматыда өткен EXPO 2017, Универсиада (2017) және Азиада (2011) сынды ірі шаралардың инфрақұрылымдық мұрасына арналған мәселелерді талқылайды.

Форум делегаттарын түрлі білім шаралары күтуде: тренингтер, практикалық семинарлар мен шеберлік сабақтар. Форум жыл сайынғы «Commercial Real Estate Awards 2017» жылжымайтын мүлік саласында кәсіби премиясын табыстаумен аяқталады.