• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Тамыз, 2017

Елордалық оқушы xалықаралық олимпиада жүлдегері атанды

321 рет
көрсетілді

28 шілде-4 тамыз аралығында Тегеранда информатика бойынша (IOI-2017) 29-шы Халықаралық олимпиада өтеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Әлемнің 84 елінен келетін мектеп командалары ең үздіктер атағы үшін өзара сайысқа түседі. Қазақстаннан олипиадаға қатысу үшін Тегеранға 4 оқушы аттанады. Олардың біреуі – елордалық лицей-интернатының оқушысы Санжар Бидайбек жарыстың қола жүлдесінің иегері атанып үлгерді.  

Халықаралық олимпиада (IOI-2017) -  әлем елдерінің жоғары сынып оқушылары арасында информатика бойынша жыл сайын өткізілетін халықаралық байқау.

Олимпиаданың 3 міндеті -  бағдарламалау тілінде бағдарламалар (C, C++, Pascal және Java),  оны шығаруға 5 сағат беріледі. Әр тапсырма проблемалық талдаудан, алгоритмдерді және мәліметтер құрылымын әзірлеу, бағдарламаны әзірлеп оны тексеру сынды кезеңдерден  тұрады.