• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2017

Іскерлік ортаны жақсарту – маңызды міндеттердің бірі

173 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мүдделі мемлекеттік орган­дар­дың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес қауымдастық өкіл­дерінің қатысуымен ветеринарлық және санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау салаларында жүргізілген жұ­мыстың нәтижелерін қорытындылау бойынша жиын өтті.

Агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев кеңесті аша отырып, Қазақстан Doing Business-2017 халықаралық рейтингте 35-орынды иеленіп, іскерлік ортаны жақсарту бойынша көптеген шаралар қолға алынғанына тоқталды. Алайда, сауалнамалар нәтижелері көрсеткендей, көптеген компаниялар әлі күнге дейін әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өздерінің жұмыстарына нұқсан келтіріп отыр деп есептейді.

.Шпекбаевтың айтуынша, бұл мәселе бірінші кезекте нұс­қа­маларда көрсетілген мін­детті талаптардың және әкім­ші­лік рәсімдердің көп болуы­мен байланысты туындау­да. Олардың қатарына ветеринар­­­лық және санитарлық-эпиде­мио­логиялық бақылау салалары жатады.

Басқосуда айтылғандай, аталған салада тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны өсуде. Мәселен, 2016 жылы мұндай істердің жалпы саны 12 болса, ал 2017 жылдың тек бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 14 факті тіркелген. 

Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын өзге де жағдаяттар сөз болды. Нақтылай айтқанда, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар мен олқылықтар, тексеріс қоры­тын­дылары бойынша нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерінің болмауы секілді бірқатар мәсе­лелер атап өтілді. 

Кеңес қорытындысы бойынша 49 ұсыным әзірленді, оның 55 пайызы нормативтік құ­қықтық актілерде сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерді жоюға бағыт­талған болса, ал 45 пайызы ұйымдастырушылық-басқару қыз­меттеріне қатысты. Соңында А.Шпекбаев атқа­рыл­ған жұмыстарды қорытын­ды­лай келе, енгізілген ұсыныс­тар­дың орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді. 

«Егемен-ақпарат»