• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Технология 07 Тамыз, 2017

SsangYong Nomad брендінің моделі жаңғыртылады

296 рет
көрсетілді

AllurGroup құрамына кіретін «СарыарқаАвто Пром» зауыты 2013 жылы SsangYong Nomad жүрдек автомобилін шығара бастады. Қостанайдағы машина құрастыру зауытының бұл әлемдік брендті Кеден одағы елдерінің өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімі талабына сәйкес толыққанды тәсілмен өндіруі Қазақстанның автомобиль индустриясына бет бұрғанын көрсеткен еді.

Жалпы SsangYong Nomad машинасын шығару жобасының жүзеге асырылуы отандық автоөндірісті дамытуда, Қазақстан өндірісіне инно­ва­циялық жаңалықтар әкелуде, сөйтіп автомашиналардың әмбебап жоғары төзімді желілерін шығаруда, осы автоиндустрия саласындағы мамандар біліктілігін арттыруда ерекше маңызы болды. Брендтерді жасаған бастапқы зауыттағы тәсілдерді үйренген біздің мамандар қазір біліктілігі жағынан шетелдік әріптестерінен қалмайтын дәрежеге жетіп келеді. Ал зауыттағы өндірістік алаңның кеңдігі, заманауи технологияларды жасауға мүмкіндігінің же­тім­ділігі, жабдықталуы дүние жү­зінд­егі қандай зауытпен де таласа алады. Енді осы жоба айналасында «SsangYong Nomad бренд машинаның шығарылуы неге тоқтап қалды, зауыт одан бас тартты ма?» деген әңгіме бар. Мұндай қаңқу сөздің бары рас, өйткені дәл қазір ешкім зауыттан сапта тұрған машинаны көріп отырған жоқ. Ал оның көңіл қуантар себебі бар. 

Сол үшін SsangYong Motor Co аталған машинаның моделін, оның ішінде қорабын, құрамдас басқа да бөліктерін жаңарту-жаңғырту жұмыстарын жүр­гізетін болады.  – Зауытта SsangYong Nomad бренд ма­шинасын шығару жобасы тоқтаған жоқ, ол мүмкін емес. Рас, машинаның құрастырылуы уақытша тоқтап тұр. Ол брендтің моделін жаңғырту ісіне байланысты болып отыр, бастаманы брендті жасаушы кореялық әріптестеріміз көте­р­­- ді. Негізі машина құрастырудағы жұ­мыстың басы дәнекерлеу болып табы­лады. Осы автомобильді өндіретін ко­реялық әріптестер дәнекерлеудің тех­никалық сипатын өзгертуге шешім жаса­ды, соған орай дәнекерлеу желісіндегі жабдықтарға, технологияға да ішінара өзгерістер енгізіледі. Ал сырлау ісі, құрастыру бұрынғы күйінше қалады. Ұзақ уақыт текке тұрмас үшін біз оған қабаттастыра JAC ма­шинасының дәнекерлеу, құрастыру жабдықтарын орна­тып жатырмыз. Мысалы, кореялықтар конструкциялық мәселелерді 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін шешіп болғанша, біз үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында JAC машинасының дәнекерлеу, сырлау, құрастыру жұмыстарын бастап, ал 2018 жылдың басынан Peugeot-31 моделін осы өндірістік алаңда толыққанды құ­растыратын боламыз,–дейді «Сары­арқаАвтоПром» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің техникалық дамыту жөніндегі директоры Сергей Могилатов. Қазір AllurGroup пен оның әріптестері арасында машинаның құрамдас бөл­шек­терінің сатып алу бағасы жөнінде келі­сімдер жүргізілуде. Қазақстан нары­ғында SsangYong машинасының рес­тайлингілік нұсқасының пайда болуы, оның бәсекеде бәсі басым болуы- мен қатар, бөлшек сауда бағасының төмендеуіне де ықпал етеді. Келісімшарт жасау үдерісі шеңберінде осы модельдің өндірістік желісін жаңғыртуға қатысты техникалық мәселелер де шешімін табады. Машина конструкциясындағы өзгерістерден кейін барлық пайдаланған дәнекер кондукторларда да өзгертулер жасау талап етіледі. Сонымен қатар, же­лідегі дәнекерлеу жұмыстарын рет­теу­ді жаңарту қолға алынады. Ең бір ай­та кететіні, ішінара технологиялық үде­­рістерді түзетуге байланысты жұ­мыс­тар кәдімгі өндірістік тәртіппен жүр­гізілгендіктен, ол компания үшін еш­қандай материалдық, қаржылай, тағы бас­­қадай шығын әкелмейді.  Nomad моделі дәнекер, сырлау жұ­мыс­тарын қосқанда толыққанды тә­сіл­мен өндіріледі, ол өндіріске Қазақстан даму банкінің қаржылай ин­вес­тициясы арқылы енгізілген болатын. Инвестиция Nomad жобасы бойынша жабдықтар сатып алуға, мамандар мен қызметкерлерге заманауи технологиялық үрдістерді оқытуға жұмсалды. Зауыт машина құ­рас­тыру желісіне толыққанды тәсілді ен­гізу арқасында, өндіріске инвестиция са­латын шетелдік инвесторларды, жаңа брендтерді тартты. Бұл машина жасау өндірісі кәсіпорындарын кеңейтуге, тағы да шетелдік ірі инвесторлар назарын аударуға мүмкіндік берді.   Қостанай машина жасау алаңында өндіріс үдерісінде кібіртіктеу болған емес, үстіміздегі жылдың екінші тоқ­са­нында автомобильдер шығару 284 пай­ызға, яғни 4 есеге өсті. Мұны сан­дар тілімен сөйлетсек, екінші жарты­жыл­дықта 33,8 миллиард теңгенің 2373 дана техникасы сапқа қойылды. «СарыарқаАвтоПром» зауытында жа­салған автомобильдерді ішкі на­рық­та сату осы маусым айында елі­міз­дегі отандық өндіріс шығарған авто­мо­бильдер сегментінде 26,7 пайыз­ды құрады. Бұл компанияның на­рық­та­ғы шебін нығайта түседі деген сөз. Жал­пы, AllurGroup компаниясы құ­ра­мына кіретін машина жасау өн­ді­ріс­тік алаңдары конвейерлерінен жыл­дың алғашқы үш айында 490 автомобиль сапқа қойылса, келесі үш айда шығарылған техникалар бірлігінің саны 1883 болды. Соның ішінде «Сары­арқаАвтоПром» зауытының бәсі бас­ым екенін көрсеткіштер айғақтайды. На­­рықтың бұлжымайтын өз заңы бар. Нарықта түпкі нәтиже өнімнің өнді­ріл­геніне емес, оның өтуіне тәуелді. Үс­ті­міздегі жылы зауыт өнімін алған жеке және корпоративтік клиенттер саны 82 пай­ызды құрады, машинаның 18 пайы­зы тендер арқылы мемлекеттік мекеме­лерге берілді. Компания жұмысқа кі­ріскелі Қостанай зауытынан 28,5 мың да­на жеңіл және коммерциялық техника шығарылды. Соның барлығы да иесін тапты.  Бүгінде Қостанай зауытының өндіріс ж­елісінен жеңіл автомобильдің 58 м­оделі және арасында атақты Peugeot, SsangYong, Iveco, JAC, Hyundai секілді әлемдік брендтер бар 8 коммерциялық техника шығарылады. Мұның сыртында биыл өндіріс желісінен Chevrolet Niva и Ravon Nexia R3 модельдері өндіріле бастады. Зауыттың өндіріс алаңында бренд­ті автомобильдер шығаруды жол­ға қоюдың арқасында олардың баға­сын бөлшек сауда нарығында 200 000 тең­геден 500 000 теңгеге дейін арзан­да­туға мүмкіндік туды.  AllurGroup компаниясы бүгінде сыртқы сауда айналымының нығаюы жолындағы жұмысты күшейте түс­кен. Биылғы жылдың сәуір айында Қостанайда өндірілген JAC жеңіл кө­лігінің бір мың данасын экспортқа шы­ғару жөнінде Тәжікстанмен келісім жа­салды. Ол бойынша көліктің ал­ғашқы партиясы сырттағы иелерінің қо­лына тиіп те үлгерді. Ал бұл жалпы Қазақстандағы автомобиль экспортына оң әсер етті. Қостанайда шыға­рыл­ған автомобильдің экспорттық са­ты­лымының бір партиясының өзі тұтас мамыр айында сыртқа сатылған көлік саны көлемінен асып түсті.   Моделі жаңартылып, жаңғыртылған SsangYong Nomad бренді елімізде өндірілген автомобильдердің ішкі, сыр­т- қы саудасын өрге сүйрейтіні аян. Бұл «СарыарқаАвтоПром» зауытындағы өндіріс желісінің кеңеюіне, жұмыс орындарының көбеюіне де ықпалы етері кәміл. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ