• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Руханият 07 Тамыз, 2017

Жат ағымның көксегені – іріткі салу

378 рет
көрсетілді

Әлемдік қоғамдастық Қазақ­станды ынтымақ пен бір­лікті ту еткен ел ретінде құр­меттейді. Бұл, біріншіден, хал­қы­мыз­дың татулық, дос­тық, тыныш­тық сынды қа­сиет­ті ұғым­дардың мәнін, қаді­рін терең түсініп, оны қастер­лей білуінің жемісі.

Біз бір үзім нан үшін босқынға айналған халықтардың өмірінен сабақ алсақ, ел тыныштығы мен тәуелсіздігімізден артық бай­л­ық жоқ екеніне көзіміз жете түсе­ді. Бү­гін­де әлем экономикалық қана емес, рухани дағдарысқа да ұшы­рау­­да. Діни дүрдараздықтар мен ұлт­­ара­­лық жанжалдар дөңгеленген дү­ние­ні жағадан алып тұр. Сон­дық­тан елі­мізде төзімділік пен өзара се­нім­ді одан әрі нығайтып, қоғамда ізгі­­лік­ті кеңінен насихаттау аса маңызды. Елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті діннің жоқты­ғын Қазақ­стандағы мемлекет­тік-кон­фес­сиялық қарым-қа­ты­настың бас­ты сипаттамасы ретінде анық­тауға болады. Бұл еліміздің ар-ождан және діни сенім бостандығын мо­йындай­тындығын және оның қор­ғалуын қамтамасыз ететіндігін, аза­мат­тардың өз еркімен және қан­дай да бір мәжбүрлеусіз дінге қаты­насын анықтай алатынын немесе өзін қандай да бір дінмен байланыстырмай және белгілі бір діни инс­титуттарға жүгінбей-ақ өмір сүре алатындығын білдіреді. Мемлекет пен дін арасын­дағы қарым-қатынасты ұйым­дас­тырудың осындай тәсілі елі­­мізде мәде­ни және дүние­таным­­дық саналуан­ды­лық пен плюрализмнің орнығуы­на жағдай жасап отырған көп этнос­ты және көп конфессиялы Қазақ­стан­ның үйлесімді даму мақсатына толық­қанды сәйкес келеді. Дін істері және азаматтық қо­ғам министрі Н.Ермекбаевтың ха­лық­қа есеп беру жиынында кел­­тір­­­ген мәліметтеріне сү­йенсек, қазір­­гі күнде елімізде 18 кон­фессия тір­­келген. Қазақ­стан­дықтардың 15 па­йызы діндар адамдар болса, 75 пайы­зы Құдайға сенеді, деген­­мен олар діни жоралғыларды тұрақ­ты орындамай­ды және діни бір­лес­тіктер қызметіне тартыл­маған. Ал өздерін атеист немесе агностик санау­шылар саны шамамен 10 пайызды құрайды. Бүгінде қоғамды алаңдатып, мә­селе туындатып отырған жат ағым­да­р­дың әрекеті кез кел­ген аза­мат­ты ой­ландырмай қой­майды. Осы ба­ғыт­тағы кей­бір келеңсіз істер қоғам­дық мәселе­лерді өршітіп отыр. Мәсе­лен, қазіргі кезде халық ішін­­де үрей тудырып, сананы тұм­­шалауға күш салып жатқан сала­физм идеологиясының кері ықпа­лы бай­қалуда. Бұл топ өздерін ал­ғаш­қы­лардың жолын жалғаушы «салафи­лер» деп атағанымен, шын мәнінде олардың уахабилік көз­қарасты ұстанушылар екенін анық аңғаруға болады. Осындай парық­сыз көріністердің салдарынан елі­міз­дегі мешіттерде салафизммен сана­сы уланғандар­дың тарапынан кейбір келіспеу­шіліктер де орын алуда. Қазіргі таңда бұл ағым ел ішін жаппай жаулап, өзіндік теріс әсерін тигізуде. Сон­дық­тан, олардың соңынан ерген жас­тарымызбен кешенді түрде үздік­сіз жұмыс жүргізу керек. Жат ағым­дар­дың жетегінде кеткен кей­бір жас­тарымыздың дені ақи­қаттан шеттегендер.  Осы орайда дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру­дағы уәкілетті орган – Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистр­лігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыс­тарын жалпы профилактика және мақсатты реабилитация бағыт­тарында жүргізуде. Жалпы, профилактикалық шаралар қоғамда діни-экстремис­тік идео­логияға қарсы түсінік қалып­тастыруды, дінге қызы­ғу­шылық танытатын тұрғын­дардың сауатын көтеруді көз­дейді. Ал мақсатты реабилитация жұмыстары экстремистік ағымдар идеологиясының ықпа­лы­на түскен адамдарды теоло­гия­лық тұрғыдан дәстүрлі сенім­ге қай­тару мақсатында жеке жұмыс­тар жүргізуге арналып отыр. Мұн­­дай шаралардың аза­мат­тарға психоло­гия­лық және құқықтық қолдау көрсетуде маңызы зор. Халық ішінде кейбір діни мәсе­ле­­лер­­дің қайсысы дұрыс, қайсысы бұ­рыс екендігін ажырату барысында шиеленісіп бара жатқан жайт­тар бар. Мәселен, кейбір жас­тары­мыздың «Әке-шешеңе Құран бағыштама, олар намаз оқы­маса – кәпір болғаны», деген маз­мұн­дағы пікірі дәстүрлі діні­мізді ұстану­шы жамағатты алаңдатуда.  Ащы да болса шындығы сол, кейбір жастардың ислам шари­ғатында жоқ нәрселерді саналарына тез сіңіріп алуда. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сен­дерге бірге болу – міндет», деп дүниеден өтерінде үмметін бөлінуден барынша сақтандырған екен. Сондықтан бүгінгі таңда радикалдардың шыр­ға­лаңына түскен қаракөздеріміз руха­ни әрі психологиялық көмекке мұқ­таж болғандықтан, алдымен олардың діни сауаттылығын, зайырлы кәсіби білімін жетілдіріп, патриоттық әрі ұлттық санасын жандандыруға көңіл бөлген жөн. Ел ішінде жат ағым болып табылатын салафизм идеясы бойын меңдеген адамның психо­ло­гия­сының өте күрделі екенін білуі­міз қажет. Олардың санасы уланған­дығы соншалықты, ақты – ақ, қара­ны қара деп өз еркімен ажырата алмайтын жағдайға жеткен, тіпті айналасындағы адамдарды мұсылман деп қабылдай тұра, ата-анасын, туыстарын адас­қан, тозақы деп таниды. Тұла бойындағы тұм­ша­ланған көз­қарас оны адами болмысынан айырып, мейірім мен жанашыр­лықтан жұрдай еткендей.  Қазіргі таңда қоғамымызды жаман, жат іс-әрекеттерден арашалау үшін мемлекет тарапынан барынша күш жұмсалып жатқандығын көріп отырмыз. Мұның барлығы жастарымыздың жат ағымдардың тұзағына түспе­сін, жігерлері мұқал­масын, тура­лықта болсын деген ниетпен жасалып жатыр.  Негізінде, жат ағымдағы­лар­дың аңдығаны – тату елдің бірлігіне, тір­лігіне іріткі салып, бүлік тудыру. Себебі, олар елдің бірлігі мен тір­­лі­гін тозды­рып барып, көк­сеген мақ­сат­тары­на жету үшін әрекет ету­де. Елді арандатуға, ауыз­бір­­лік пен тыныштықты бұзуға ниет­тен­ген­дердің қадамына тұсау салатын құ­зырлы органдар бар. Десек те, біздікі мақсатымыз жүк­ті жұмыла көтерген әлдеқай­да жеңіл болатынын еске салу. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген сөздің мәніне терең бойлай отырып, азаматтары­мызды жат ағымдардың шырмауынан қорғап, оларды дәстүрлі ортаға қайтару – баршамыздың ортақ міндетіміз. 

Тұрар ӘБУОВ, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Дін мәселелерін ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-ның бөлім басшысы