• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2017

ОҚО-да жастар тәртіп сақшыларының көмекшілері ретінде қызметке қабылданды

131 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар полицейлерге көмектесетін болды. Қазірдің өзінде 500 жас тәртіп сақшыларының көмекшілері ретінде қызметке қабылданып, қоғамның тыныштығын бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицейлерге көмек көрсетуге келгендер арнайы логотипі бар киімдермен қамтамасыз етіледі. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекованың сөзінше, игі жоба мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында қолға алынып отыр.

Қазір барлық аудан, қалалардан келген 18-29 жас аралығындағы 500 жастың біліктілігін арттыру мақсатында 5 күндік құқықтық оқыту-жаттығу семинары өтуде. Яғни, полицияға көмекшілер үшін сабақ ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының ғимаратында тамыздың 9-на дейін өтеді. Семинар сабақтар аяқталған соң, жас көмекшілер  облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың дипломымен марапатталады. Жастарды ынталандыру мақсатында қаржылай сыйақы тапсырылады. Содан кейін олар тәртіп сақшыларының жанында жүріп, қоғамның тыныштығын бақылайды деп жоспарланып отыр.