• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Тамыз, 2017

Ақтөбеде дала өрті үш есеге көбейді

235 рет
көрсетілді

Ақтөбеде дала өрті дерегі үш есеге, ал өрт аумағы 10 есеге артты. Қазіргі күні 2 746 гектар аумақ жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы аумағында күннің ыстығынан дала өрті көбейді. Құрғақ шөптер жанып жатыр. «Мұғалжар, Қобда, Байғанин аудандарында далалықтағы құрғақ шөптердің отқа оранауы көбейді. Мәселен, ғарыштық мониторинг арқылы көлемі 42 гектар болатын құрғақ шөптің жануы анықталды. Өртті сөндіруге  2 техника мен 7 адам жұмылдырылды. Қазіргі кезде 2 700 гектардан астам жердегі құрғақ шөп жанып кетті. Жану дерегі үш есеге артты», - деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Ілияс Мангубасов.

Айта кетейік, көбіне темекі тұқылын ретсіз тастау, от жағып оны сөндірмей кету соңы дала өртіне ұласады.