• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Тамыз, 2017

Астанада құтқарушылар баланы терезеден құлаудан құтқарып қалды

312 рет
көрсетілді

Астаналық құтқарушылар соңғы кездері жиілеп кеткен терезеден балалардың құлауының жағдайларымен күресуде.

Барлық жағдайдабалалар терезенің алдына өз бетімен және тіреуіш ретінде әр түрлі заттарды қолдана отырып шыққан, сондай-ақ барлықбалалар ата-ананың қарауынсыз қалаған.

Мысалы, ағымдағы жылғы 3 тамызда Республика даңғылы 43А мекенжайы бойынша байқаусызда бала 5 қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ 6 тамызда 187 көшесі, 14/4 үй мекенжайы бойынша бес қабатты үйдің 4 қабатынан ата-анасының қарауынсыз қалған бала құлап, ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылардың балаларды құлап қалудан аман-есен құтқарып алған жағдайлар да кездеседі. Осылайша өткен демалыс күндері құтқарушылар кезекті рет кішкентай баланың терезеден құлап қалуының алдын алды. Бұл оқиға Рысқұлбеков көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Құтқарушылар келіп жеткенде бала екінші қабаттың ашық тұрған терезенің алдында тұрды. Баланың құлап кету жағдайын ескеріп, құтқарушылар сақтандыру және соққының жеңіл болуы үшін көрпені созып дайындады. Алайда, бақытына қарай құтқарушылардың бірі саты арқылы пәтерге кіріп, баланы құтқарды. Осы жағдайда да кішкентай қыз бала ата-ананың қарауынсыз қалған.

Астана қаласының төтенше жағдайлар бойынша департаменті тұрғындарды кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.